• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2016

Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары анықталды

465 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49844" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption] Астанада жазушы, публицист Сейдахмет Бердіқұловтың атындағы сыйлықтың лауреаттары анықталды.  Бұл сыйлықты «Үздік жарияланым» номинациясы бойынша «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ғайсағали Сейтақ, үздік телевизиялық репортаж жасаған «Хабар» телеарнасының журналисі Қанат Базылхан мен үздік фотожұмыс көрсеткен фототілші Алексей Филиппов иеленді. Байқаудың жеңімпаздарына «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгісімен марапаттап, диплом мен ақшалай сыйлықты Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов пен Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов табыс етті. Сонымен бірге Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров «Қазақстан» телеарансының тілшісі Әсем Нұрланованы аталған ұйымның атынан марапаттады. Дастан КЕНЖАЛИН [caption id="attachment_49845" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption] [caption id="attachment_49846" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption]

Соңғы жаңалықтар