• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2016

Астанада шағын футболдан журналистер турнирі өтті

312 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49851" align="aligncenter" width="560"] Фото: facebook әлеуметтік желісі[/caption] Астанада шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында белгілі жазушы, публицист Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денетәрбиесі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов пен Парламет Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов сөз сөйлеп, Сейдағаңды еске алуға арналған турнир мен жазушының спорт журналистикасында қалдырған ізінің  мәні мен маңызын айтып, командаларға сәттілік тіледі. Биылғы турнирге 19 команда қатысты. Журналистердің додасы таңертеңнен кешке дейін күні бойы өтті. Онда төрт топқа бөлінген командалар алдымен өз топтарында бір-бірімен кезедсіп, содан кейін әр топтан алғашқы екі орынды иеленген жасақтар ширек финалда кездесті. Соңында финалға «Хабар-Алматы» мен Алматы құрамасы шықты.  Бұл кездесуде "хабарлықтар" қарсыластарын ұтып, алғаш рет турнирдің жеңімпаз атанды. Екінші орынды Алматы құрамасы иеленсе, үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан журналистерінен жасақталған команда ие болды. ОҚО командасы осымен үшінші рет қатарынан турнирдің қола жүлдегері атанып отыр. Дастан КЕНЖАЛИН [caption id="attachment_49853" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption]   [caption id="attachment_49852" align="aligncenter" width="560"] Фото: inform.kz[/caption]    
Соңғы жаңалықтар