• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2016

«Еуро-2016». Франция жартылай финалға шықты (видео)

252 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49860" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption] Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалында өнер көрсеткен Франция мен Исландия құрамалары Сен-Дени қаласында кездесті. Франция – Исландия 5:2 (4:0) Стадион: «Стад де Франс». Төреші: Кейперс Бьорн. Франция: Льорис, Эвра, Юмтити, Косельни (Мангала 72), Санья, Погба, Матюиди, Сиссоко, Пайе (Коман 80), Гризманн, Жиру (Жиньяк 60). Исландия: Хальдерссон, Скуласон, Сигурдссон, Арнасон (Ингасон 46), Севарссон, Гуннарссон, Бьярнасон, Сигурдссон, Гудмундссон, Бедварссон (Финнбогасон 46), Сигторссон (Гудьонсен 83) Голдар: Жиру 13, 59, Погба 20, Пайе 43, Гризманн 45 – Сигторссон 56, Бьярнасон 84 Ескету алғандар: Юмтити 75 – Бьярнасон 58 Франция құрамасы бұл жолы қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ойын бастала сала шабуылға шыққан олар бірінші таймның өзінде-ақ Хальдерссонның қақпасына төрт гол соқты. Еуропа чемпионатының сенсациясына айналған Исландия командасы турнир иелеріне айтарлықтай қарсы тұра алмады. Екінші таймда, 56 минутта Сигторссон бір гол соғып, жанкүйерлеріне кішкентай да болсын үміт сыйлағандай болып еді, алайда ол қуаныштары да ұзаққа созылмады. Араға екі минут өтер-өтпес Франция Ольивье Жирудың көмегімен бесінші допты тоғытты. Ал кездесудің соңына таман, 84-минутта Бьярнассон Исландияның дүбірлі додадағы соңғы голын соқты. Франция 7-шілде күні жартылай финалда Германиямен кездеседі. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар