• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2016

Ирактағы терактіден қаза тапқандар 165 адамға жетті

282 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49879" align="aligncenter" width="560"] Фото: 24.kz[/caption] Ирак астанасы Бағдатта лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 165 адамға жетті. Сонымен қатар, 160 адам зардап шекті. РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл істі ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алған. Оқыс оқиға қаладағы Әл-Каррада сауда ауданында болған. Ирактың ішкі істер министрі Саад Маанның айтуынша, көпшілік жиналған жерде жарылғыш зат қойылған көліктің күлі көкке ұшқан. Осыдан бірнеше күн бұрын үкімет әскері мемлекет астанасынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Әл-Фаллуджа қаласын лаңкестерден азат еткен. Ирак премьер-министрі Хайдер аль-Абеди осыған байланысты олардың қарсы шабуыл жасаған деген болжамын айтты. Сонымен қатар, бұл елде үш күн аза тұту күні болып жарияланды. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар