• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2016

Қыздар университеті QS «3 жұлдызын» иеленді

380 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49895" align="aligncenter" width="560"] Фото: kazmkpu.kz[/caption] Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті QS StarsUniversityRatings халықаралық рейтингісі бойынша «3 жұлдыз» иеленген тұңғыш педагогикалық жоғарғы оқу орнына айналды. Бұған дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті тәуелсіз рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша үздік педагогикалық университет атанған. Мамандар дайындау бағыттары және деңгейлері бойынша республикамыздың барлық жоғары оқу орындары арасындағы 7 орында тұрған университет. «Қыздар университеті» медиа орталығының хабарлауынша, QS Stars – университет қызметіне сегіз өлшемі бойынша көпаспектілі баға беретін QS Quacquarelli Symonds құрастырған рейтингтік жүйе. Білім беруді ұйымдастырудың 50 индикаторы бойынша жүргізілген аудиттік кешенді тексерудің қорытындысы бойынша университетке рейтингтің 0-ден 5+-ке дейінгі QS  «жұлдызы» беріледі. Университет жұмысы тәуелсіз дереккөздері арқылы кешенді сараптама негізінде бағаланады. Оның ішінде академиялық және кәсіби орта өкілдерінің (оның ішінде – жұмыс берушілердің)  сауалнамасының қорытындысын, білім беру мекемесіне деген студенттер мен түлектердің көзқарасын да ескере отырып жалпы балдан қорытынды рейтинг бағасын анықтайды. QS Stars талабында көрсетілгендей QS Intelligence тобы өте қатал әрі тәуелсіз сараптама көрсеткіштері мен тиімділік қорытындысын шығара отырып, рейтинг әдіснамасы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «3 жұлдызды» беруге ұйғарым шығарған. QS е Stars ™ рейтинг жүйесін 2004 жылдан бастап QS World University Rankings® тәуелсіз құраушысы QS Intelligence Unit арқылы электронды жүйе бойынша басқарылады. QS е Stars рейтингісі университеттерді халықаралық стандарттар бойынша алдын ала белгіленген маңызды көрсеткіштер арқылы бағалайды. Осы арқылы білім беру мекемелерін үздік көрсеткіштерге талпындыра отырып, олардың деңгейлерін арттыруға септігін тигізеді. Қазақстанның жоғарғы оқу орындары арасынан бұл «3 жұлдызды»осыған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алған. Ал Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «3 жұлдызды» алған тұңғыш қазақстандық педагогикалық университет. Айнаш ЕСАЛИ
Соңғы жаңалықтар