• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2016

Солтүстік Қазақстанда «Мағжан оқулары» байқауы өтті

590 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49901" align="aligncenter" width="560"] Фото: zharar.com[/caption] Биылғы республикалық «Мағжан оқулары» байқауы ақынның туған ауылы Сарытомарда (Солтүстік Қазақстан облысы) өткізілді. Дәстүрлі ғылыми және жыр додасына Ақмола облысынан қатысқан Ақкөл ауданының үш оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Нақтылай кетсек, «Ақын да бір бала ғой, айға ұмтылған...» аталымында Кеңес орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жарқынбек Бағдат бас жүлдені жеңіп, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Ал «Толқынды толқын қуады» аталымында Минск орта мектебінің 8-сынып оқушысы  Маулетхан Ақжол «Түркістан  өлеңінің көркемдік ерекшелігі» атты ғылыми жобаны қорғап, бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар,  «Өлең – менің Шолпаным, Айым. Күнім.» атты Мағжан жырларын мәнерлеп оқудағы аса тартысты байқауда  9-сынып оқушысы  Мырзахмет Рана жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жас әдебиетшілердің жетекшісі Ханша Ахтышханға облыс әкімінің алғыс хаты тапсырылды. Бақберген АМАЛБЕК
Соңғы жаңалықтар