• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2016

Степногорда «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтті

282 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49907" align="aligncenter" width="560"] Фото: akmola-zhastary.kz[/caption] Степногор қаласының «Батыр» әскери-спорттық клубының мүшелері республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиынының жеңімпазы атанды. Жарысқа еліміздегі жоғарғы оқу орнындағы әскери кафедралардың, әскери мектептердің және арнайы клубтардың 800 өкілі қатысты. «Батыр» 16 команданың ішінен үздік көрсеткішке жетіп, облыс абыройын асқақтатты. Бәсеке барысында тікұшақтан ракета жіберу, танк шабуылына тойтарыс беру, терроршылармен күрестің шартты көрсетілімі сияқты күрделі сындардан сүрінбей өткен степногорлық өрендер әскери ән байқауында да үздік атанды. Жеңімпаздарды Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов марапаттап, еліміздің әскери оқу орындарына жеңілдікпен қабылдану құқығын беретін сертификаттарды тапсырды. Бақберген АМАЛБЕК
Соңғы жаңалықтар