• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Ораза айт мерекесімен құттықтауы

264 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар! Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі. Ораза айттың шуақты күн дерінде мұсылмандар бір-біріне айт тап, жылы лебіздері мен ізгі тілек терін білдіреді. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуанышқа кенелту де – қасиетті мерекенің жарқын көрі ністерінің бірі. Ораза айт – бір шаңырақтың ас тында ауызбіршілік пен келі сімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы. Осы мызғымас құндылық тарымыздың арқасында біз Тəуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда қарқынды түрде дамып келеміз. Қастерлі Қазақстан жерінде өте тін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер ли дерлерінің съезі өркениеттер үн дес тігіне сүбелі үлес болып қосылуда. Ораза айт мерекесіндегі игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашыр лықтың діні екенін ай шықтай түседі. Қасиетті мейрам күндері əрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Елімізде бірлік пен келісім салтанат құра берсін! Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Соңғы жаңалықтар