• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Телеарнаға сұхбат берді

323 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Парламент Сена­тының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станның Бірінші арнасының «Аналитика» бағ­дарламасына сұхбат берді. Онда белгілі сая­саткер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі және Қазақ­стан жайында жан-жақты әңгіме қозға­ды. Бүгінгі таңда өте өткір мәселе болып тұрған терроризм туралы ойларын ортаға салған Жоғары Палата Спикері Елбасы Н.Назарбаев биік мінбелерден халықаралық лаңкестікке қарсы күресетін құзырлы ұйым құру жөнінде ұтымды ұсыныс білдіргенін айрықша атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болған тұлға ретінде аталмыш аса беделді ұйым біздің елімізді әлем тағдырына жоғары жауапкершілікпен қарайтын мемлекеттер қатарына қосатынын, Қазақстанның бірде-бір бағалы бастамасы назардан тыс қалмағанын, олардың барлығы қазіргі халықаралық қарым-қатынаста көрініс тапқанын алға тартты. Өз кезегінде Қазақстан да БҰҰ-ның игі идеяларына қолдау білдіруден ешқашан айныған емес. Сенат Төрағасы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы біздің елімізге абырой мен артықшылық беріп қана қоймай, оған әлем тағдыры үшін зор саяси жауапкершілік жүктейтінін ерекше қадап айтты. Қ.Тоқаев телеарна тарапынан қойылған сан­алуан сауалдарға салиқалы жауап қайтарды. «Егемен-ақпарат»