• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Жаңа қойылымдарды тамашалады

266 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір актілі «Уақыт перделері» және «Ғашықтың тілі» атты балет премьераларын тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Astana Ballet» театры ұжымы ұсынған жаңа қойылымдардың премьералық көрсе­ті­лімі Астана күніне арналған іс-шаралар аясында өтті. «Ғашықтың тілі» – Абай Құнанбаев поэзиясына арналған алғашқы балет. Қойылым ақынның «Жыл мезгілдері», «Татьянаның хаты», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде...» және басқа шығармаларын қамтиды. Қазіргі заманғы қытай хореографы Ишянг Жангтың бір актілі «Уақыт перделері» балеті композиторлар М.Рихтердің, Доувэйдің және Д.Касиваның музыкасымен әрленген.
Соңғы жаңалықтар