• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2011

Халық пікірі қашанда қалтқысыз

396 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына қазақстандықтардан Елба­сы­ның кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешімін қуаттаған хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп ха­бар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жамбыл облысы, Меркі ауылының тұрғыны Сәкен Дәрменов өз хатында: «31 қаңтарда қабылдаған шешім – тек ұлы адамдардың қолынан келетін іс. Бұл арқылы біздің Президент әлемдегі беделін тағы да арттыра түсті. Сөйтіп, өзінің жеке басынан гөрі халық қамын жоғары қоятынын көрсетті», деп жазады. Одан әрі автор «Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды мұратына жеткізетін ұлы тұлға», деп өзіндік пікірін білдіреді. Ал Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Зәмзе Тұрақова Елбасы жүргізіп отырған саясатқа үлкен қолдау білдірген. Одан әрі: «Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз ұшан-теңіз және оған халқымыз дән разы. Бүгінде қазақ халқы әл­емге танылды. Кешегі өткізілген ЕҚЫҰ-ның саммиті соның айғағы деп білемін. Теледидардан президенттік сайлауға қатысатыныңызды естіп, шексіз қуанып отырмын. Ыстық ықыласымды білдіре отырып, әулетімізбен Сізді қолдайтынымызды айтуды жөн көрдім. Мемлекет мүддесі мен елімізді дамыту жолындағы абыройлы істеріңізде мол табыс тілеймін», дейді жеделхат иесі. * * * ОТАНДАСЫМЫЗДЫҢ ОҢ ТІЛЕГІ Мемлекет басшысының атына Қостанай облысының тұр­ғыны Амангелді Бақтыбаевтан жеделхат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Қазақстанда Азия ойындарының табысты ашылуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Спортшыларға толағай табыстар, ал Сізге, құрметті Президент, зор денсаулық тілеймін», делінген жеделхатта.