• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Қытайда су тасқынынан 100-ден астам адам жоғалып кетті

212 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50028" align="aligncenter" width="560"] Фото: korrespondent.net[/caption] Қытайда су тасқынынан және селдің жүруінен қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалып кеткендер саны күн санап артуда. today.kz мәліметтері бойынша, қазіргі таңда олардың саны 112 адамға жетті. Осыдан бірнеше күн бұрын елдің орталық аудандарында 100-250 миллиметрге дейін, ал Хубэй провинциясына қарасты Хунань аймағында 803 миллиметрге дейін жаңбыр жауған. Сонымен қатар, бірнеше нысандар қирап, ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалды. Табиғат апатының салдарынан темір жол қозғалысы тоқтатылды. Жергілікті билік барлығы 726 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Ал шығын көлемі 3 миллиард долларды құрап отыр. Аян ӘБДУӘЛИ