• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2011

ЖАҢА…

442 рет
көрсетілді

...КЕЛІСІМ-ШАРТҚА ОТЫРДЫ Таяуда «Теңізшевройл» ЖШС кәсіпорын қызметкер­ле­рі бірлестігімен және Те­ңіз мұнай-газ кешені кәсіп­ода­ғы­мен жаңа ұжымдық ке­­лісім-шартқа отыр­ғандығын жа­рия­лады. «Біздің табы­сы­мыз кә­сіби біліктілігі жоғары қыз­меткерлер мен мердігер ұй­ым­дардың жұмысына негізделген. Біз әлемдік дең­гей­­де­гі жұмыс жағдайын ту­ғы­зуға және қызметкерлеріміздің мүд­десіне сай келетін қомақты әлеуметтік пакет беруге ұм­ты­лудамыз. Ұжымдық келі­сім-шарт үдерісі ТШО бас­шы­лы­ғына қызметкерлердің және ком­панияның мүдде­ле­рін қамтама­сыз етуге көмек­те­седі», – деп атап өтті «Те­ңізшевройл» ЖШС бас ди­ректоры Тим Миллер. «Біз әлеуметтік пакет ая­сын кеңейте түскен жаңа ке­лісім-шарт нәтижесіне риза бол­­дық», – дегенді айтты ТШО қыз­мет­керлері бірлес­ті­гінің төр­­ағасы Аманжол Алыбаев. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы. * * * ...АКВАПАРКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Жалпы аумағы алты мың шар­шы метр жерді алып жат­қан су кешені бір мың адамға дейін қызмет көрсете ала­ды. Канаданың заманауи қон­дыр­ғылары орнатылып, би­іктігі – 18,5, ұзындығы 26 метрді құ­райтын болады. Халық­ара­лық талаптарға сай тұрғы­зы­латын бассейнді бойлап төрт отба­сылық сырғанақ салына­ды. Олар­дың ұзын­ды­ғы – 150 метр. Мұнда спорт залы, фитнес орталығы мен мұз айдыны да орналасады. Петропавл оранжереясы жа­­­нында бой көтеретін кешенді аттракционның құры­лыс жұ­мыс­тарымен «Леонтьев» ЖШС ай­налысуда. Аквапаркті тамыз ай­ында пай­да­лануға беру көзделіп отыр. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы. * * * ...КӨШЕГЕ АТАУ БЕРІЛДІ Адамның еңбегі ешқашан ұмыт қалмайды. Осындай со­ңына өшпес өнеге қалдыр­ған­дар қатарындағы қара­сайлық шежіреші Аубай Бай­ға­зы­ұлы­ның есімімен Қас­ке­лең қала­сындағы бір көше аталды. Қарасай ауданына қарас­ты Әйтей ауылында дүниеге келген Аубай Байғазыұлы Қас­келең қаласында сауатын аш­ып, Қа­зақ мемлекеттік ауыл шаруа­шы­лығы институтын тә­мам­да­ған соң, түрлі мекемелерде басшы­лық қызметтер атқарған. Со­нымен бірге, шы­ғарма­шы­лық­қа ден қойып, ел шежіресін жи­нақ­тап, қағазға түсіруді де естен шы­ғар­ма­ған. Көп жылдар қазақ­тың тари­хын, шығу тегін, шежіресін зерттеп, өмірінің со­ңына дейін біріздендірумен болған. Көк­­шетаудағы Қара­сай мен Ағынтай батырлар­дың жатқан жеріне белгітас орнатқан­дар­дың бірі және қос асылымызға алып кесене сомдауға да өзін­дік үлесін қосқан жан. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.