• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Астанада екіқабатты автобустар жүреді

556 рет
көрсетілді

Астанада екіқабатты экскур­сиялық автобустар жүретін бол­ды. Оларда қазақ, орыс, ағыл­шын және қытай тілдеріндегі аудиожүйе қызмет көрсетеді. Қазір осы ав­тобустарға арналған Есіл өзенінің сол жағалауында ұзындығы 20 шақырым артық арнайы маршрут әзірленді. Экскурсиялық автобус Аста­наның көптеген көрікті жерлерінің жанынан өтеді. Ол қозғалыс барысында «Думан» ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық ор­талығы, «Қазақ Елі» монументі жанындағы алаң, «Астана-Бәйтерек» монументі аялдамаларына тоқтамайды. Бола­шақта Есіл өзенінің оң жағалауын да қамтып, мар­шрутты ұзарту жоспарланып отыр. Есіл өзеніндегі маршруттың ұзындығы – 80-100 минут, автобустардың интервалы 30-40 минут. Автобустар сағат 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жүреді. Автобуста «Hop-on/Hop-off» билет жү­йесі қарастырылған. Осы билетпен жүретін жолаушы кез келген сәтте автобус­тан түсіп, музей немесе көрікті жерлерді аралайды, содан кейін кез келген арнайы аялдама кешенінен экскурсиялық автобусқа қайта отыра алады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»