• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Журналистер арасындағы жарыс

373 рет
көрсетілді

Астанада шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары арасында жазушы, публицист Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене­шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов пен Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі. Жарыс басталмас бұрын, Сей­дахмет Бердіқұловтың атын­дағы сыйлықтың лауреаттары анықталды. «Үздік жарияланым» номинациясы бойынша «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы мен­шікті тілшісі Ғайсағали Сейтақ, үздік телевизиялық репортаж жасаған «Хабар» телеарнасының журналисі Қанат Базылхан және үздік фотожұмысы үшін Алексей Филиппов ие болды. Жеңімпаздар арнайы «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» төсбелгісімен және дипломмен марапатталды. Осымен 19-рет өткізілген турнирге бас-аяғы 19 команда қатысты. Тілшілер арасында доп додасы таң атқаннан, қас қарайып, күн батқанға дейін өтті. Бұл сынға «Егемен Қазақстан» газетінің командасы да қатысты. Алғашқы екі орынға жайғасқан үздіктер ширек финалда кездесті. Соның ішінде «егемендіктер» D тобында екі ойында тең түсіп, біреуін жеңіп, ширек финалға дейін жетті. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан» Ал финалда «Хабар-Алматы» «Алматы құрамасынан» басым түсіп, жеңімпаз атанды. «Алматы құра­масы» осылайша, екінші орынға иелік етсе, Оңтүстік Қазақстан журналистерінен құ­ралған команда үшінші орынды місе тұтты. Айта кетерлігі, «Хабар-Алматы» алғаш рет турнирдің жеңімпазы атанды. Ал Оңтүстік Қазақстаннан келген команда үшінші жыл қата­рынан қола жүлдеге ие болды.