• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Германияда теракт жасамақ болған адам сотталды

265 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50051" align="aligncenter" width="560"] Фото: 24.kz[/caption] Германияның Франкфурт соты лаңкестік шабуылды ұйымдастырмақ болған адамды 30 айға бас бостандығынан айырды. 24.kz-тің мәліметтері бойынша, оған заңсыз қару мен жарылғыш заттарды жасырын ұстады деген айып тағылған. Оны Оберурзельден шыққан жат ағымды ұстанушы деп атап кеткен. Айта кетейік, 2015 жылы Германияда велошабандоздар жарысы кезінде теракті жасамақ болды деген күдікпен қолға түсірген. Жергілікті полицейлер оны әйелімен бірге жалған құжатпен үш литр перекись сатып алып тұрған жерінен ұстаған. Тергеу жұмыстары кезінде үйінен бірнеше қару-жарақ пен жарылғыш заттар табылды. Көп ұзамай, лаңкестік топтармен байланысы бар екені белгілі болды. Аян ӘБДУӘЛИ