• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2016

Меркі ауданына жаңа әкім тағайындалды

607 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50075" align="aligncenter" width="560"] Фото: zhambylnews.kz[/caption] Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мейірхан Өмірбеков Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды. Мейірхан Өмірбеков 1969 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1992 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогикалық институтын «тарихшы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Меркі ауданында «Большевик» колхозында жұмысшы болып бастаған. 1989 – 2001 жылдары Меркі ауданы Ақтоған ауылындағы №4 орта мектебінің мұғалімі, директоры, 2001– 2007 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімдерінің меңгерушісі, 2007– 2014 жылдары Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімі, Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2014 – 2016 жылдары аралығында Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оралхан ДӘУІТ Жамбыл облысы  
Соңғы жаңалықтар