• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2016

Елордаға – ерекше сый

847 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сы­мен бірлесіп, Астана күніне тарту ретінде «Қазақстан – менің Отаным» атты қолдан тоқылған монументальді-декоративтік туынды – өлшемі 430х600 сантиметрлік гобеленді көпшілік назарына ұсынды. Композицияның нақ ортасында, Қазақ­станда тұратын этностардың ұлт­тық киімдерін киген адамдар мүсін­дері бейнеленген ою-өрнекті шеңбердің фонында Бейбітшілік және келісім сарайы қас­бетінің Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сының логотипі бар сурет орналасқан. Ұлттар өкілдерінен тұратын шең­бер­дің ортасында, қонақжайлық пен кең­­пейіл­ділікті білдіріп, қолын қуана көтеріп тұрған Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың суреті тоқылған. Шеңбердің төбесі Қазақстан халқы­ның бірлігіне негізделген мемлекеттік би­­лік­­­тің символы ретінде Ақорданың қас­беті­нің бейнесіне келіп тіреледі. Гобелен­нің бүйір бөліктері тағдыр тәл­кегі­мен Қазақ­­стан­ға келіп пана тапқан көп­те­ген ұлт­тар­ды туғанындай бауырына бас­қан халық­тың жан сұлулығын бей­­не­­лей­­тін, бас­құр­лардағы қазақ ою-өрне­гі­­нің әше­кей­ленген суреттерімен толты­рылған. Ел бірлігін тоқыма өнері арқылы бейне­леген ерекше жобаның авторлары – Қазақ­стан Республикасы Суретшілер одағы­ның мүшелері, «Дарын» мемлекет­тік сыйлығының лауреаттары Айдар Жамхан мен Мәлік Мұқанов. Бұл өнер туындысының көркемдік мәні де сонда – гобеленде Қазақстан халқы­ның бірлігі идеясы қазақ халқы­ның дәстүрлі қолөнері арқылы шығарма­шылық тәсілмен беріліп, Тәуелсіз Қазақ­станды сипаттайтын өзіндік ерекшелігі мол символикалар үйлесімді түрде композиция ретінде көрініс тапқан. Гобелен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шара­лары жөніндегі кеңес (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталық­тары­ның Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіз­дігі­нің 25 жылдығына арналған «Әлем. ХХІ ғасыр»: АӨСШК елдері ынты­мақ­­тас­тығының жаңа перспективалары» атты азаматтық форум аясында жұрт­шы­лық­қа танысты­рылып, тұсауы кесілді. Мерекелік шараға қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Парламент Мәжілісінің депутаты, депутаттық топтың жетекшісі Сауытбек Абдрахманов, Қазақстан Республикасы Ұлттық му­зейі­нің директоры Дархан Мыңбай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков өз сөздерінде гобеленде бейнеленген қазақстандықтардың жалпыұлттық бірлігі, достығы мен қоғам­дық келісімін білдіретін компо­зицияның терең мағынасына мән берді. Шараға Қырғыз Республикасы мен Таиланд король­­дігінің ресми делегациясы, Ресей мен Тәжікстанның сарапшылық қауым­дас­тық өкілдері, Беларусь, Әзербай­жан, Ауғанстан мен Жапония­ның Қазақ­стан­­дағы дипломатиялық миссия­лары­ның өкілдері, АӨСШК елдері ұлттық-мәдени орталықтарының өкіл­дері, Пар­ламент депутаттары, Қазақ­стан халқы Ассам­блея­сының мүшелері, белгілі қоғам және саяси қайраткерлер қатысты. «Егемен-ақпарат»