Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Түркия Президенті Елбасын Ораза айт мерекесімен және келе жатқан Астана күнімен құттықтады.
Әңгіме барысында екі ел көшбасшылары Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады, сондай-ақ, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын айқындады.
Р.Т.Ердоған өзінің сенімді диалогты және екіжақты қарым-қатынастар аясын кеңейту жөніндегі бірлескен жұмыстарды жалғастыруға әзір екенін атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.