• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2016

Ұлы Далаға нұрын шашқан

351 рет
көрсетілді

Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуел­сіздіктің алғаш­қы жылдарынан бастап-ақ, Мәңгілік Ел орнатудың амалдарын жүзеге асырып келеді. Соның бірі – астананы Арқаға көшіру. Қызығынан қиындығы көп сол кездері бас қаланы көшіру ол кезде ақылға да сыя бермейтін, қиялға да келмейтін теңдесі жоқ ерлік еді. Астана бүгінде Отаны­мыздың орталығына орна­ласқан темірқазық жұл­дызына, жаңарған Қазақ елінің інжу-маржанына, қасиетті бойтұмарына, ұлан-байтақ даламызға қан жүгір­тетін, жан бітіретін күре­тамырына, ел сүйсінетін игі­лік мекеніне айналды. Астанасына қарап елін таниды. Ұлы далада өте қыс­қа мерзімде бұрын-соңды бол­маған бүтіндей жаңа мемлекет орнады. Мемлекеттіліктің, ел басқарудың өзіндік жаңа қазақ­стандық мек­тебі қалып­тасты. Жас та, жаса­мыс та анық білетін ақиқат осы. Ұлы Далада Мәңгілік Ел ор­нату идеясы бүгін ғана туа қал­ған жоқ, ол – ықылым заман­дар­дан бері, ел орнап, билік пай­да бол­ғалы бері жалғасын үзбей келе жатқан әлемдік құбы­лыс. Ол – арман, татулығы, береке-бір­лігі жа­рас­қан мәңгі ел орнатудың идея­­сы. Қытайлар өзін Аспанасты елі­міз дейді, яғни аспан асты, жер үсті еліміз деп отыр, Жапондар өз­дерін Күншығыс еліміз дейді, біз – Ұлы Дала еліміз. Кез келген мемлекетті да­мы­­та­тын, халықты арманына жетелейтін күш – идея, идеология. Идеология дегеніміз – сол елдің бағдаршамы, адастырмайтын компасы. Мәңгілік Ел – өміршең идея. Осындай ел орнату үшін алдымен жердің тұтастығы, елдің ынтымағы керек, ата тарихын ұрпақ санасына сіңіру керек, Ұлы Даланың тарихын сол Ұлы Даланың ұлы тұлғаларынан алып жазу керек. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында, яғни биылғы 26 сәуірде өткен ҚХА-ның кезекті ХХIV сессиясының қоры­­ты­н­дысы бойынша «Мәң­гілік Ел» Патриоттық актісі қабыл­данды. Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым әрқай­сымыз үшін ең қымбат ақиқат­тар – отбасымыздың аман­дығы, қонақжайлылық және еңбек­сүйгіштік, тұрақтылық, қауіп­сіздік, бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан. Біз Мәңгілік Елдің мызғы­мас жеті тұғыры: бұл – Тәуелсіздік және Астана; бұл – жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; бұл – Зайырлы мемлекет және жоғары руханият; бұл – инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім; бұл – жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; бұл – ұлттық қауіпсіздік және Қазақ­станның жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешу­ге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Міне, бұл – біздің ғасырлар тереңі­нен тамыр тартқан өмірі­міз, арманымыз, еңбегіміз, мақ­­са­тымыз. Мәңгілік Ел бір күнде орнай қалмайды. Ол нау­қан­шы­лықпен, жарлықпен, бұйрықпен орнамайды, ғасыр­лар бойы қалып­тасады. Сол себепті, Мәңгі­лік Ел идеясын өткінші науқанға айналдырмау керек. Бұл идеяны ұлттың дүниетанымына, санасына сіңіру керек. Өйткені, ол – терең толғанатын, ұғына білетін, оқу­мен келетін ұлы құбылыс. Осылайша еліміздің жаңа та­ри­хын жазудың зор жауап­кер­ші­лігі біздің үлесімізге тигенін, шын мәнінде, риясыз көңілден мақ­таныш етуге тиіспіз. Алуан ұлт өкілдері бір ел, бір тағдыр жо­лында әманда бірге болуы керек. Тарихтың бұйрығы, ата-бабаларымыздың аманаты бұл. Мемлекетімізге қорған болып, еңбексүйгіштікке толайым бет бұ­рып, алға басуға тиіспіз. От­тан да ыстық Отанымызды, Тәуел­­сіз­дігімізді көздің қара­шы­­­ғын­­­дай сақтап, қорғауға мін­дет­ті­міз. Бақыттың бұйыруы деген сол. Борис ХОРОШКИН, еңбек ардагері, «Радуга» славян мәдени бірлестігінің мүшесі Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы  
Соңғы жаңалықтар