• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2011

Кеңес жауапкершілігі жоғары

394 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Атқарушы директоры елші Чинар Алдемирмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында АӨСШК жауапкершілік аймағында қауіп­сіз­­дік­ті қамтамасыз ету, Азия ел­дерінің ынтымақтастығын үйлес­тіру, атап айтқанда, гуманитарлық және эко­номикалық өлшемдердегі мәселе­лер талқыға салынды. АӨСШК-нің ырғақты дамуы­на, оның институттық ресімделуіне және қатысушыларының кө­беюі­не байла­нысты ҚР Прези­дентінің 1992 жылы БҰҰ қабыр­ғасында ұсынып, қаты­су­шы мемлекеттер тарапынан да және әл­емдік қауымдастық та­рапынан да қолдау мен түсіністік тапқан бас­та­­масының жемістілігі мен өзек­тілігі ерекше аталды. Бү­гінгі таңда АӨСШК 3 млрд. халқы бар 22 мем­лекетті қамтып отырған үлкен көп­жақты дипломатиялық фо­рум­ға ай­налды. Осыған орай, Қазақ­стан сыртқы саясат ведом­ство­сы­ның бас­шы­сы жаңа мүше­лердің әлеуетін АӨСШК қыз­метін белсенділендіруге, өзара үнқа­ты­суды әрі қарай нығайтуға және дамы­ту­ға пайдалану қажеттігін атап өтті. Әңгіме барысында Қазақстан мен Түркияның АӨСШК аясын­дағы өзара ықпалдастық мәселесі қарастырылды. Екі елдің кең ау­қымды бағыттардағы ынтымақ­тас­тығын атай отырып, тараптар екіжақты байланысты ны­ғай­туға бағытталған жұмыстарды жал­ғас­тыра беруге ниет білдірді. Қ.Саудабаев Анкара қолдауын жо­ғары бағалады және екіжақты қарым-қатынас деңгейін, түрік та­рапының халықаралық және ай­мақ­тық бірлестіктердегі жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Түр­кия төрағалығы Азия Кеңесі қыз­метін жаңа деңгейге шы­ға­ра­тынына сенім артты. Кездесуде Ауғанстан мәселесі де қозғалды.