• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2011

Көлік саласында жұмыс көп

349 рет
көрсетілді

Көлік және коммуникация министрлігінде Президенттің Қазақ­стан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарын жүзеге асыру жөнін­дегі міндеттерге арналған алқа мәжілісі болып өтті. Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов биыл­ғы Жолдауда қойылған міндеттер­дің ма­ңыз­дылығын атап өтіп, кө­лік-комму­никация кешеніндегі ба­сым бағыт­тар­ға және осы кезге дейін қол жеткен жетістіктерге тоқ­тал­ды. Соңғы 20 жылдың ішінде көлік саласында жал­пы құны 1,5 трлн. теңгені құрайтын 57 жоба жү­зеге асырылуда. Халық­аралық қар­жы институттарынан 644,95 млрд. теңге немесе 4,4 млрд. АҚШ дол­­лары көлемінде займдар тартылды. 2010 жылғы қыркүйекте Көлік инфрақұрылымын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған жаңа сала­лық бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 2,8 трлн. теңгені құрайтын 58 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылатын болады. Олардың іш­інде ең маңыздылары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық кө­лік дәлізі, «Қорғас – Жетіген» жә­не «Өзен – Түркіменстанмен мем­лекеттік шекара» темір жол желісі жобалары. Ел тәуелсіздігінің 20 жыл­­дығына қарай 2011 жылғы жел­­тоқсанда аталған жобаларды пай­далануға беру жоспарлануда. Әлеуметтік саланы жаңғырту мә­селесіне орай министрліктің алдына қа­зіргі таңда ерекше сұранысқа ие аза­мат­тық авиация және теңіз кө­лігі үшін ма­мандарды дайындау міндеті қойылды. Еліміздің денсаулық сақтау жү­йе­сін жақсарту және мыңдаған отан­­дастарымыздың өмірін сақтап қалу мақсатында өзекті мәселе­лер­дің бірі – көліктік медицинаны да­мыту. Осы­ған орай, 2010 жылы жа­ңа әлеу­меттік жоба – «Денсаулық» атты екі арнайы маманданды­рыл­ған медици­на­лық-диагностикалық пой­ыздар рес­­публикамыздың түк­пір-түкпірін аралады. Биыл 3 ме­ди­циналық пой­ызды аттандыру жоспарлануда. Уа­қ­­тылы медицина­лық қызмет көр­се­туді қамтамасыз ету үшін 16 тік­ұшақты және аэ­ро­мо­бильді госпитальдерді жұмыл­ды­ру қажет. Жол бойында дәрігерлік-құт­қа­ру пункттерін орналастыру карта­сын жасау қажет. Сонымен қатар, мәселені түбегейлі шешу мақса­тын­да жол-кө­лік апаттары жиі бо­ла­тын жалпы ұз­ақ­тығы 2,3 мың км. автомобиль жол­дарын 2015 жылға қарай 1-ші тех­ни­ка­лық категорияға өткізу жоспарлануда. «Егемен ақпарат».