• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы №414

506 рет
көрсетілді

2010 жылғы 27 қараша, Астана қаласы Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін бекіту туралы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 25-2-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Министр        В. БОЖКО. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «27» қараша № 414 бұйрығымен бекітілген Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі 1. Осы Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарт­тары мен тәртібі (бұдан әрі – Шарттар) «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республи­ка­сының 1996 жылғы 22 қа­рашадағы Заңына сәйкес әзір­лен­ген және өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйым­дары үшін мамандардың ар­найы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін анықтайды. 2. Оқыту мамандан­дырыл­ған оқу ұйымдарында жүзеге асырылады. 3. Курстарда сабақтар өткізу үшін тартылатын мамандан­ды­рылған оқу орталықта­ры­ның оқытушы құрамында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білімі, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қыз­меттерде кемінде он жыл жұ­мыс өтілі болуы қажет. 4. Жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қыз­мет­терде кемінде бес жыл жұ­мыс өтілі бар тұлғалар Курс­тың тыңдаушылары болады. 5. Тұлғалар (өтініш иелері) мамандарды даярлау жөніндегі курс тыңдаушыларының тізіміне қосу туралы өтініш ұсы­на­ды. Өтініш еркін түрде беріледі. 6. Тұлғалар (өтініш иелері) өтінішке мынадай құжаттарды: 1) жеке басын куәланды­ра­тын құжаттың көшірмесін; 2) жоғары білім туралы дип­ломның көшірмесін; 3) еңбек кітапшасының кө­шірмесін немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжатты ұсынады. 7. Курс бағдарламасын 1­-қосымшаға сай Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 72 сағат кө­лемінде өрт қауіпсіздігі сала­сын­дағы уәкілетті орган бекітеді. 8. Курстардың сабақ кестесі оқу басталғанға дейін 10 күн бұрын кешіктірілмей құрыла­ды және оны мамандан­дырыл­ған оқу ұйымының басшысы бекітеді. 9. Тыңдаушылардың оқу жүк­те­месінің көлемі аптасына 36 сағат дәріс оқу жұмысынан аспауы қажет. Тыңдаушы­лар­дың оқу жүктемесінің жалпы көлемі дәріс және дәрістен тыс (дербес) дайындықтың барлық түрлерін қоса алғанда, ап­та­сына 54 сағаттан аспауы қа­жет. Тыңдаушылардың дербес дайындығы үшін күн сайын кемінде үш сағат бөлінеді. 10. Академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрай­ды. 11. Оқу тобы 15 адамнан аспайтын санмен құрылады. 12. Тыңдаушыларды оқуға қа­былдау мамандандырылған оқу ұйымы басшысының бұй­рығымен жүргізіледі. 13. Тыңдаушылар сабақ ба­рысында қағаз (электронды) тасығыштарда оқу-әдіс­теме­лік материалымен қам­тамасыз етіледі. 14. Қорытынды аттестат­тау­ды емтихан комиссиясы кешенді тестілеу емтиханы тү­рін­де жүзеге асырады, оның құрамын мамандандырылған оқу ұйымының басшысы анықтайды. Тестілеу картасында кемінде 30 сұрақ болуы қажет. 15. Толық оқыту курсынан өтпеген тыңдаушылар қорытынды аттестаттауға жіберілмейді. 16. Дұрыс жауап кемінде 80% болғанда тестілеу сынағының нәтижелері оң деп саналады. Тестілеу сынағы нәтижелерінің дұрыс жауабы 80% кем тыңдаушылар келесі топтың құрамында бір айдан кейін мерзімде қайта тестілеуден өтеді. Тестілеу сынағының нәтижелері хаттамамен ресімделіп, комиссия мүшелері қол қояды және тыңдаушыларға мәлімденеді. 17. Қорытынды аттестаттауды ойдағыдай тапсырған тұлғаларға Шарттардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы сертификат беріледі. Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібіне 1-қосымша Нысан Сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту курстарының  үлгілік оқу жоспары № Тақырып атауы Оның ішінде Барлық сағат Дәрістер Практи- калық сабақтар 1. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құқықтық қамтамасыз ету. 2 2 - 2. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында қатерлерді тәуелсіз бағалау жүргізу ережесі. 2 2 - 3. Өрт қатері. Техникалық жүйелердің сенімділігі. 4 2 2 4. Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша өндірістердің санаттарын есептеу әдістемесі. 6 2 4 5. Ғимараттар, құрылыстар және олардың өрт кезіндегі төзімділігі . 6. Үй-жайда, ғимаратта өрт болған кезде қауіпті факторлардың дамуын бағалау және болжау әдістері. 6 4 2 2 4 2 7. Өрт кезінде адамдарды ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету. 8 2 6 8. Қорғау объектісінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық шешімдер. 2 2 9. 10. Түтіннен қорғау жүйесі. Қорғау объектісінің өрт қауіптілігін талдау әдістемесі 2 6 2 2 4 11. Өндірістік ғимараттар үшін өрт қатерін есептеу әдістемесі. 8 2 6 12. Қоғамдық ғимараттар үшін өрт қатерін есептеу әдістемесі. 6 2 4 13. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаларының тиімділігін бағалау әдістемесі. 4 2 2 14. Қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, өрт қатерлері шамасын есептеу. 8 2 6 15. Объектінің өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын дайындау. 2 2 16. Қорытынды бақылау. 2 2 17. БАРЛЫҒЫ 72 28 44 Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібіне 2-қосымша Нысан ______________________________________________________ (оқу ұйымының атауы) СЕРТИФИКАТ № ______________________ (сертификаттың нөмірі) ОСЫ СЕРТИФИКАТ ______________________________________________________ Т.А.Ә.) Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз жөніндегі сараптау (атауы) ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту курстарынан өткенін растайды ___________________________                      _____________ (оқу ұйымы басшысының Т.А.Ә.)      (қолы) М.О. ________________________ (сертификатты берген датасы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6726 болып енгізілді.