• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2016

Алматыда Startup Kazakhstan бағдарламасы өз жұмысын бастады

503 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_50698" align="aligncenter" width="560"] Фото: pressclub.kz[/caption] Алматыда өткен «Алматы – өмір мен бизнес үшін жайлы қала» бесінші инновациялық форумының аясында «Инновациялық технологиялар паркі» автономдық кластерлік қоры Startup Kazakhstan халықаралық бағдарламасының тұсаукесерін өткізді. Бұл бағдарламаға қатысу үшін ТМД елдерінен және Қазақстан өңірлерінен 700-ден аса өтінім іріктеуден өткізілген. Бағдарлама тұсаукесерінде Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, «Инновациялық технологиялар паркі» автономдық кластерлік қорының (Almaty Tech Garden) бас директоры Cанжар Кеттебеков, «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев, қазақстандық және халықаралық инвесторлар, сондай-ақ, бизнес-қауымдастықтың басқа да өкілдері, жас ғалымдар мен инноваторлар қатысты. [caption id="attachment_50699" align="aligncenter" width="560"] Фото: pressclub.kz[/caption] Қазақстан баспасөз клубының хабарлауынша, Startup Kazakhstan халықаралық бағдарламасының аясында Startup Day инновациялық жобалар байқауы ақылды индустрия, жаңа материалдар мен аддитивтік технологиялар, жаңа энергетика мен таза технологиялар, ақылды технологиялар, электрондық коммерция және жаңа медиа, финтех секілді бағыттар бойынша өтті. Startup Day күнінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы (олардың арасында жер қойнауын пайдаланушылар, коммерциялық банктер, халықаралық инвестициялық қорлардың өкілдері болды) акселерация бағдарламасынан өтетін төрт жобаны іріктеп алды. Ал жер қойнауын пайдаланушы компания Crystalmanagement жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Технопарк-2030 индустриалдық жобасына қаржылай көмек көрсетті. Айнаш ЕСАЛИ