Бір қызметке екі түрлі баға
Мәскеудің «Домодедово» әуежайындағы жарылысты жасаған жанкештілерді іздестіру шаралары аяқталып қалды. БАҚ-тардың бейресми деректерге сүйенген хабарларына қарағанда, оны жасаған Ингушетия тұрғыны Магомед Евлоев болып шықты.
Бірақ бұл хабарды ресми органдар әлі қуаттаған жоқ. Президент Д.Медведев федералдық қауіпсіздік пен тергеу қызметі басшыларымен болған кездесуден кейін олардың жұмыстарына бірқатар сындар айтты. Соның ішінде тергеу толық аяқталмай жатып, қылмыскерлердің аттарын жариялауын өздеріне пиар жасау деп бағалады. Ал премьер-министр В.Путин «ОРТ» телеарнасының журналистеріне берген сұхбатында олардың жұмыстарына жақсы баға берді.