Вьетнамның ну жынысты ормандарынан Хо Ван Лангом деген ұлымен бірге жүрген Ван Тхань деген кісі табылды. Олар бұдан 40 жыл бұрын АҚШ авиациясы елді бомбалай бастаған кезде өз деревняларынан қашып шығып, осы жерді паналаған көрінеді.
Содан бергі аралықта әкелі-балалы екеу сырттағы елден мүлдем бейхабар қалған. Олар соғыс әлі жалғасып жатыр деп ойлайды екен. Деревняны бомбалау кезінде бұлардың жақындарының бәрі опат болып кетіпті.
«Жақын жерге басқа адамдар келген кезде біз джунглидің терең қойнауына еніп кеттік», – дейді Ван Тхань.
Алайда, таяуда бұлар үшін күтпеген бір оқиға орын алған. Әкелі-балалы екеу джунгли ішінен туыстарының бірін кездейсоқ кездестіріп қалады. Ол 40 жылда елде не болғанын түгел айтып береді.
Қазір Ван Тхань мен оның ұлы Хо Ван Лангом шағын бір елді мекенде тұрып жатыр. Олар осында қазіргі заманғы өмірге бейімделуде. Жергілікті тұрғындар жаңа көршілеріне жабылып үй салып беріпті. Ван Тхань бірден егіншілікпен айналысып кеткен. Қарап жүрмей, ұлына өмірлік серік болатын болашақ келінін де тауып қойыпты.
Мұрат АЙТҚОЖА