бойымен сапарға шыққан әлемдік авторалли шабандоздары Қазақстанның Қостанай облысына келіп жетті
«Жібек жолы» ралли автокөлік жарысына 42 елден қатысқан 60-тан астам команда Қостанай күтіп алды. Оларды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев пен Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов құттықтады. Қонақтардың тынығып алуына барлық жағдай жасалды. Жарысқа жол таңдамайтын 23 жүк машинасы, 118 джип машиналары қатысып келеді екен.
– «Жібек жолы» раллиінің бұл жолғы сапары өте ұзақ, 10800 шақырымды құрайды. Оған барлық құрлықтан спортшылар қатысуда. Әлемді таңғалдырған атақтылардың барлығы осында. Ежелгі «Жібек жолы» мен бүгінгі біз жүріп өтетін жаңа «Жібек жолының» арасында уақыттың үзілмейтін тіні жатыр. Ол жаңарып, ел мен ел, мемлекеттер мен мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени байланыстарды нығайта береді, – деді «Жібек жолы» раллиі жобасының директоры Владимир Чагин. Аты аңызға айналған автошабандоз Владимир Геннадьевич қазақстандықтар туралы да жылы пікірін білдірді.
– Сіздердің елдеріңізде ралли рейді жоғары қарқынмен дамып келеді. Олар қаңтарда өткен жарыста жеңімпаз атанған болатын. Қазақстандық автошабандоздар шеберліктерін жылдам жетілдіріп келеді, бұл жолы да олардың қарқыны ерекше, – деді жоба же-
текшісі Владимир Чагин.
Автошабандоздар Қазақстан жерінің 3 мың шақырымын басып өтеді. Жарыстың 15 кезеңінің 4-уінде ең күшті деген көліктер мен спортшылардың күші Ұлы Далада сыналмақ. Қатысушылар Қазақ елі аймақтарының сұлулығы мен кеңдігіне де куә болады.
Шеру Қостанайдан Астанаға қарай бет алды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ