• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2016

Заң бұзушыны тұрғындар да әшкерелейді

264 рет
көрсетілді

Алматыда жүргізуші мүмкіндігі шектеулі автожүргізушілер тұрағына көлік қойғаны үшін 100 мың теңгеден аса айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Жуырда ғаламтор беттерінде қымбат 2 автомобильдің мүгедек жүргізушілерге арналған авто­тұрақта тұрған суреті жарық көріп, қоғамда кеңінен талқыға түскен еді. Ел аузына іліккен мәселе қалалық тәртіп сақшыларына да жетіп, олар көлік иелері туралы тексеріс жүргізген. Заңға қайшы әрекет жасаған олардың бірінің үстінен әкімшілік құқық бұзу фактісі бойынша іс қаралып, 591-баптың 4-тармағы бойынша 50 айлық есептік көрсеткішке сай, 106050 теңге айыппұл салынды. – Мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған автотұрақта тұрған қос көліктің бірі – «Ауди» маркалы автомобиль заңды тұлға­ның атына тіркелген екен, көлік иесі бізге өзінің ІІ топтағы мүгедек екендігін растайтын құжатын көрсетті. Демек, оның тарапынан заң бұзу фактісі тіркелмеген. Ал «Мерседес» көлігінің иесі өзінің заң бұзғанын мойындап, әкімшілік құқық бұзу аясында айыппұл төлеуге міндеттейтін заң ережесіне қарсылығы жоқ екендігін мәлімдеді, – деді қа­лалық ішкі істер басқармасы жер­гілікті полиция қызметінің бас­шысы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов. Жергілікті полиция қыз­мет­керлері қала тұрғындарының ғаламтор бетінде заң бұзу­шы­лыққа қарсы ашық пікір бө­лі­сулері на­зардан тыс қалатын құ­қық­ бұ­зушылықтарды әшкере ететін­дігін айтып, қала тәртібі мен заң талабының сақталуына қосқан үлестері үшін өз алғысын білдірді. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар