• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2016

СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

504 рет
көрсетілді

Inform.kz-тің мәліметі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Ерік Сұлтановтың өкімімен Ратмир Ахметов индустрияландыру және инновациялар жөніндегі әкім орынбасары болып тағайындалды. Ратмир Ахметов М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, Қазақ технология және бизнес университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы «TAC-LA ND» ЖШС-інде көлік және кеден құжаттарын рәсімдеу бойынша менеджер болып бастаған. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Инвестициялық жобалар мен жол желісін дамыту департаменті директорының орынбасары, СҚО құрылыс басқармасының жетекшісі, СҚО әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры лауазымында болды. Айдар ӨРІСБАЕВ
Соңғы жаңалықтар