• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
14 Шілде, 2016

Үкімет басшысы Моңғолиядағы ағайындармен кездеседі

305 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Рес­пуб­ликасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Моң­ғолияға сапары басталады. Алдымен елдің Баян-Өлгий ай­ма­ғына табан тірейтін Үкімет басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр­масы­мен жергілікті қандастарға кездесіп, селден зардап шеккен от­ба­сыларға гуманитарлық көмек көрсетуге қатысады деп күтілуде. Баян-Өлгий қазақтарына Қа­зақ­стан тарапынан гумани­тарлық кө­мек берілетіні жайын­да кеше Премьер-Министр өзі­нің твит­тер­дегі парақша­сын­да жазған бола­тын. Айта кету керек, 10 шілде күні негізінен қазақтар қоныстанған Баян-Өлгий аймағында сел жүріп, 100-ден аса үй қирап, 700-дей адам баспанасыз қалған еді. Бұдан кейін Үкімет басшысы биыл құрылғанына 20 жыл толған АСЕМ («Азия-Еуропа» форумы) ұйымының 11-ші саммитіне қатысу үшін Ұлан-Батыр қала­сына ұшып кетеді. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар