• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2016

Станимир Стоилов: «Ойын бәрін көрсетеді»

328 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_51240" align="aligncenter" width="560"] Фото: Әнуар АБДРАХМАНОВ[/caption] Бүгін футболдан УЕФА Еуропа чемпиондар лигасының екінші кезеңінде «Астана» клубы Литваның «Жальгирис» командасымен кездеседі. Осы матчтың алдында команданың бас жаттықтырушысы Станомир Стоилов Вильнюстің клубы туралы ойларымен бөлісті. Бұл туралы egemen.kz сайтының редакциясына «Астана» командасының баспасөз қызметі хабарлады. — «Астана» командасына «Жальгириспен» ойнау оңай болмайды. Бұл матчта қай команданың фаворит болатынын айта алмаймын. Жақсы ойнаған команда ғана жеңіске жетеді. — Қарсылас команданың жақсы жақтарын айтып бересіз бе? — Біз литвалық команданың бірнеше ойындарын көрдік. Менің ойымша, «Жальгирис» жақсы ұйымдасқан команда. Олар бізге қиындық тудыруы мүмкін. Біз жақсы ойын көрсетсек, жеңіске жетеміз. — «Астана» командас Еуропа кубоктарында жиі ойнап жатыр. Осының «Жальгиристі» жеңуге әсері бола ма? — Сіз дұрыс айтасыз. Бірақ, біз Еуропа кубоктарында өткен жылы ойнадық. Командаға жыл сайын өзінің мықтылығын дәлелдеп отыру керек. Әрине, біздің тәжірбиеміз көп. Алайда, қарсылас команданы қалпақпен ұрып аламын деп ойламау керек. «Астана» «Жальгиристі» жеңеді, одан жақсы ойнайды деген қате пікір. Ойын бәрін көрсетеді. Дастан КЕНЖАЛИН