Кеше Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының жиналысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау бойынша фракцияның іс-шаралары қаралды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау бойынша «Нұр Отан» ХДП Парламент Мәжілісіндегі фракциясының міндеттері туралы негізгі баяндаманы Парламент Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов жасады.
Күн тәртібіне сәйкес, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жобасын жан-жақты талқылады. Осы орайда «Нұр Отан» ХДП фракциясы жетекшісінің орынбасары Владимир Нехорошев баяндама жасады.
* * *
Жиналыс қорытындылары бойынша қабылданған фракция шешімдерінде Парламент Мәжілісі депутаттары – «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелеріне Жолдауда қойылған міндеттерді орындау бойынша іс-шараларды іске асыру және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының XIII кезекті съезінің жұмысына белсенді түрде қатысу тапсырылды.
* * *
Жиналысқа «Нұр Отан» ХДП хатшысы – партияның Орталық аппаратының басшысы Сергей Громов, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдіктерінің басшылары қатысты.