Таяуда полицияның жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері Степногор қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдіктіні және оның «Лексус» маркалы жеке көлігін тінту барысында жалпы салмағы бір килограмнан астам сары түсті металдың 8 құймасы табылды. Бұған қосымша, одан 295000 теңге ақша қаражаты алынды.
Сондай-ақ, жедел-іздестіру және тергеу амалдарын жалғастыру нәтижесінде, Степногордан Астана қаласына шыға берістегі «Рубеж» бекетінде Ақкөл қаласының 43 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «BMW» жеңіл көлігі тоқтатылды. Оны тінту барысында салмағы 400 грамдық ұсақталған алтын ұнтағы табылды. Күдіктінің бұдан бұрын ауыр қылмысы үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.
Қазір тұтқындалғандардың үстінен ҚР ҚК 196-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу-сараптама амалдары жүргізілуде.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы