• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2011

Дерек пен дәйек

301 рет
көрсетілді

1 326 000 000 Былтыр Индер ауданында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі осынша теңгені құрады Аудан әкімі Жангелді Рах­метқалиевтің айтуынша, өт­кен жылы Индерде 1 миллиард 326 миллион теңгенің өнер­кә­сіптік өнімі өндіріліпті. Бұл алдыңғы жылмен салыстыр­ғанда, 217 мил­лион теңгеге ар­тық. «BIAS TECH» ЖШС кә­сіп­орнында 500 тонна гипс, 2192 тон­на гипс сылағы, 517 тонна гипс негізінде жікке арналған құ­рам және 97 тонна гипстен ал­ын­ған желі өнім­дері өнді­ріл­ген. Қа­­зір за­уыт­та 78 адам тұ­рақ­ты жұ­­мыс­­пен қамтылып отыр екен. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы. 2718 Өңірде бір дәрігер осыншама баланың денсаулығына жауапты Соңғы 10 жылда Қызыл­ор­да облысында демо­графиялық өсім жоғарылаған. Мәселен, 2000 жылы туу көрсеткіші 20,1 пайыз болса, 2010 жылы 28,9 пайызды құраған. Об­лыс­та де­мографиялық көрсеткіш жоға­ры болғанымен, медицина ма­мандарының жетіспеушілігі бай­қалады. Бүгінде ай­мақта 129 акушер-гинеколог жұмыс істейді. Бұл – бір бала дәрігері 2718 нәрестенің денсаулығына жауапты деген сөз. Ал заң бойынша бір дә­рігер тек 800 баланы ғана емдеуі керек. Десек те, ана мен бала өлі­мін болдырмау мақсатында көп­теген істер қолға алынды. 2009 жылы ауруханаларға 163,0 млн. теңгеге медициналық жаб­­дық­тар жеткізілсе, 2010 жы­­лы төрт өлшемді УЗИ аппа­раттары, та­ғы да басқа құрал-жабдық­тар­мен толыққан. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда облысы. 350 Бұл – Батыс Қазақстан облысында тіркелген үкіметтік емес ұйымдар саны Оның жүзден астамы 13 әлеуметтік бағыт бой­ын­ша бел­сенді қызмет атқарып келеді. Облыстағы үкіметтік емес сектор билік пен халық ара­сын­дағы байланыс қыз­ме­тін атқа­ратын, әрі көпшіліктің талап-тілектерін жоғарыға жет­кізе алатын іргелі ұйымға ай­налып отыр. Ақжайық аума­ғында жүр­гізілген сауалдама қорытын­дысына сүйенер бол­сақ, рес­пон­денттердің 63,6 па­­йызы мен тұрғындардың 48,2 пайызы ҮЕҰ қызметі қажет деп санайды. Мұны билік те анық сезінеді. Айталық, осыдан төрт жыл бұрын облыста ҮЕҰ-ны дамытуға бөлінген қаржы тек 4 миллион теңгені ғана құ­ра­са, биыл 22 миллион 500 мың теңгеге жетіп отыр. Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.