• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2011

Лужков «қара тізімге» енгізілді

347 рет
көрсетілді

Лужков «қара тізімге» ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды «Комсомольская правда» радиосының тілшісі В.Ворсобин. Мәс­кеудің экс-мэрінің атына оған елде тұруға рұқсат етілмейтіндігі жөнінде Латвия ішкі істер министрлігінен ресми жауап келген. Осылайша Юрий Лужковтың Латвияда тұруға рұқсат алмақ болған үміті біржола күйреді деп есептеліп отыр. Лужков Балтық бойындағы осынау елді кезінде  фашистік, кейде тіпті полпоттық деп те айыптаған болатын. Дегенмен кейін Лужков елде тұруға рұқсат етілген күнде Латвия экономикасына үлкен инвестициялар салатындығы  туралы уәде де берген болатын. Өр кеуделі латыштар өздерінің ақшаға сатылмайтындарын тағы бір дәлелдеген сыңайлы.

Интернет материалдары негізінде әзірленді