• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2016

Жарымжан жобалар

653 рет
көрсетілді

  жағдайы қалай болар екен? Әрине, жаңа жобалар іске қосылып, жүзеге асырылып жатса құба-құп. Бірақ, кейде осы жобалардың басы қуанышпен басталып, соңында ашылуынан жабылуы тез болатыны өкінішті-ақ. Мысалы, өткен жылы Ақсу­дағы «Қызылжар Құс фабрикасы» ЖШС да осылай жайнатып, жарқыратып, таңғалдырып ашылған еді, қазір тауық та жоқ, еті де жоқ, жұмыртқа да жоқ, тым-тырыс. Екібастұздағы жүк вагон­дарын жасайтын 2011 жылы ашылған кәсіпорын қанша ва­гон жасап шығарғандарын кім білсін, «Қазақстан вагон жасау компания­сы» ЖШС-нің жұмыскерлеріне жалақы бойынша қарыздары бастан асады. Облыстық еңбек басқармасы­ның мәліметтерінше, өңірдегі 10 кәсіп­орында қазір еңбекақы бойынша қарыздары 69 миллион теңгеге жетіпті. Вагон жасау компаниясына да айыппұл салынып, еңбекақы қа­­рыздарын өтеу үшін істің сот­қа дейінгі материалдары жі­бе­ріл­ген. Кәсіпорынның 300-дей жұ­­­мысшысы жарты ставкада жұ­мыс істеуге мәжбүр болған. Яғни, еңбекақыларының 50 па­йы­зын ғана алып отырған. Тіп­ті, болмаған соң жақында Екі­бас­­­тұздың әкімі Қайрат Нүкенов Парламент Мәжілісі депу­­татта­рымен селекторлық режім­де жұ­мыс­шылардың еңбек­ақы­сын өтеу­ге қатысты жиын да өт­кізді. Ал біз жыл сайын об­лыс орталығын­да ин­­новация­лық-ин­вестициялық түр­лі форум­дар өткіземіз, бірақ, сол форум­да жүзеге асады де­лін­ген жоба­лар­дың игілікке айна­л­уына үміт­тен гөрі қазір күдік басым. Был­тыр да «Ertys Invest – 2014, 15» халық­аралық форумдарын өткіздік. Бұ­дан қандай пайда бар? Ол жобалар іске қосыл­ғанша әкімдер де ауы­сып кете барады. Мысалы, «Павлодар» арна­йы эко­­номикалық аймағын ин­же­нерлік инфрақұрылыммен жаб­дық­тауға республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлінген-ді. Осы қаржы қалай игерілуде? Ин­весторлар қалай жұмыс жасап жатыр? Кейбір облыс орта­лықтарында құрылады, ашылады деген арнайы экономикалық ай­мақ­тардың әлі күнге дейін жұ­мыстарын жөнге келтіре алмай отырғандары өткен жылғы Үкімет отырыстарында да сынға алынған. Солардың қа­тарында жұмыс істемейтін арнайы экономика­лық аймақтардың бірі ретінде ата­лып, Пре­зиденттің сынына іліккен «Пав­­лодар» экономикалық ай­ма­ғы да бар. Осыдан 5 жылдай, уақыт бұрын өндірісті өңірде ар­найы экономикалық аймақ құру еліміздегі химия-технология саласы кластерін дамытуға ба­ғытталған жоба делінді. Бәрі де сөз жүзінде қалғандай. Ал бү­гін бұл аймақтың не әрі жоқ, не бері жоқ тоқырап қалған жағ­дайы әрине, алаңдатарлық. Жоғарыда біз жазғандай, әрбір жаңа әкім келген сайын, өстіп айғайлатып, жарқыратып бір жо­баны ашып тас­тайды. Болат Бақауов та, «Павлодар» ар­найы эко­номикалық аймағының алаңынан «АгроХимПрогресс» ЖШС кәсіпорнын ашып, бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақтан көрсетіп, жазып жатты. Ал мәселенің мәнісі болса басқа. Әр әкім барған жерінде, бір кә­­­­сіп­­­­орын ашып қайтқан болады. Көзбояушы­лық – бизнестің жауы. Бірақ, негізі, осы аймақтың жүзеге асырылуына қатысты айтылып жүрген күмәнді пікірлерді жоққа шығару үшін бірді-екілі жобаны іске қосқан болып, жасырып, жаба салу оңай емес. Бұрынғы әкім Қанат Бозымбаев аймақ жоба­сын жасаушылардың жұмысын сынға алып: «Бастап­қы жасалған техникалық-эко­номикалық негіздеме арнайы экономикалық ай­маққа жарамсыз, біліктілігі төмен ма­ман­дар­­дың қолдарынан келмеген, құжаттағы олқылықтарды тү­зету ке­рек», – деп еді. Аталған аймақ­тың жүрмей тұрған жұмысы жай­лы облыс орталығында Сенат­ комитетінің көшпелі оты­рысы да болды. 2011 жылдары еліміздің Индус­трия және жаңа технологиялар ми­нистрлігіне «Павлодар» арна­йы экономикалық ай­мағында ор­наластыруға болатын 45 кә­сіп­­­орынның тізімі жіберілді де­­лінді. Бірақ, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында 45 жоба тіркелгенмен, 20-дан аса жоба кері қайтыпты. Бұдан басқа тағы іске асар-аспасы белгісіз 20-дай өтініш және бар. Қазіргі күні аймақта бар-жоғы 4 кәсіпорын жұмысын бастаса, тағы 8 жоба жүзеге асы­рылмақшы көрінеді. Оның өзі де, аймақ алаңы бос қалғанша іс жүріп, әйтеуір жобаларда қоз­ғалыс бар де­генді білдіру үшін ашыл­ғандай. Үшеуі – химия және мұнай химиясы са­лалары бойынша «УПНК-ПВ» ЖШС мұнай коксын күйдіру қондырғысы, «АгроХимПрогресс» ЖШС агрохимия өнімдерінің өндірісі, «Химсбыт-ПВ» ЖШС поливинилхлорид, антифризден өнім жасау өндірісі іске қосыл­ған. Қазіргі уақытта бұлардан басқа «Каустик» АҚ-тың тұз қышқылын шы­ғару жөніндегі өндірісі, «Белизна-ПВ» ЖШС (тұрмыстық химия өндірісі) және «БО-НА» ЖШС (дезинфек­ция­лау­­­шы құралдар өндірісі) жұмыс жасайды. Осы кеше ғана ашылды деген «АгроХимПрогресс» ЖШС басшысы Сейітжан Үйсімбаевтың айтуын­ша, сыртқы және ішкі құрылыс жұ­мыстарын кәсіпкер өзі жасаған. – Құ­рылыс жұмыстарына мемлекет­тің де пайдасы тиді. «Екінші деңгейлі банктер арқылы жеті жылға несие алдым. Алтай­лық компаниядан сатып алған 2,4 Д-қышқылынан өнім жасап саудаға енгіздік. Кейін серік­тесіміз құрылтайшы фирмаға қосылды. Келісімшарттың басым бөлігін жасап берді», – дейді ол. Жоспар бойынша 2018 жылға қарай «АгроХимПрогресс» ЖШС шегірткелерге қарсы биопрепараттар мен глифосат өндіретін цехты іске қосуды жоспарлап отыр. Әрине, бәрін бір күнде жасап, бір күнде нәтиже көру мүмкін емес. 2011 жылдан бері едәуір жылдай уақыт өтті. Нәтиже қандай?.. Мәселенің мәнісі аймаққа орналасатын жобалардың нақты жұмы­сы, нақты жоспары, жүзеге асуы, елдің игілігіне қажеттілігінде ғой. Бүгін бар, ертең жоқ жалған жобаларға айналып кетпеуінде. Ал енді жоғарыда аталған 45 жобаға келетін болсақ, осы 45 жобаның «авторлары» атан­ған арнайы аймақта осы күнге де­йін бірнеше басқарма басшылары ауыс­қаны да белгілі. Қызық болғанда, жоспарланған осы жобалардың жартысына жуығы жалған болып шыққан. Өкініштісі сол, осы 45 жобаның бә­ріне де техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленген көрінеді. Аймақтың инфрақұрылымы 45 кәсіп­орынға есептелген. Бұл жобаларға құжат жасауға кеткен қыруар қаржы үшін енді кімдер жауап береді?.. Осы жерде жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін салықтық, жердің арендалық төлемі бойынша көп жеңілдіктер бар. Ке­дендік терминал құрылы­сы аяқталған соң, өнімді осы жерде рәсімдеп, экспортқа жіберу кезінде де кедендік жеңілдіктерді пайдаланады. Ең алдымен құ­ры­лысы басталатын жаңа өндіріс­тік кәсіпорындарға қажетті инфра­құрылым салынуы тиіс еді. Кейбір инвесторлардың аймақтан теріс айналғандары да сондықтан. Кедендік терминал құру, сумен қамту қажет. Электр энергиясы жоқ. Мұндай көзсіз тәуекелге қай инвестор, қай кәсіпкер аяқ баспақ? Мысалы, мұнай коксын өндіретін аталмыш кәсіпорын аптасына екі рет негізгі құрылғыны айналдырып отыруы тиіс. Оған кем дегенде 4 мегаватт қуат күші қажет. Яғни, өндіріс орнының құрылысы тоқтап қалуы да мүмкін деген сөз. Ал «Белизна» серіктестігі кір­жу­ғыш-тазартқыш заттарын, «БO-НА» фирмасы медициналық залалсыздандыру сұйықтық­та­рын шығара бастапты. Елімізге хлор, каустикалық сода мен тұз қышқылын өндіретін кәсіп­­орындар керек, бизнеспен айналыс­қы­сы келетін қазақстандықтар үшін ар­найы экономикалық аймақ аса қажет. Облыс орталығының солтүс­тік өнер­­­­кәсіпті аумағында орналасқан арнайы экономикалық аймақтың жалпы  көлемі 3300 гектарды алып жатыр. Экологиялық таза өндіріс құ­рамыз, химия саласында жұмыс жасайтын шетелдік кәсіпорындармен әріптестік орнату қажет, аймақ ау­ма­ғына 50-60 кәсіпорын сыйып кетеді деген дабыра облысымызға мол инвес­тиция тартудың мүмкіндігі екендігі туралы бітпейтін бір жырға айналды. Қазір 3300 гектар аумақтың бір мыңы ғана пайдаланылуда. Мұнай коксын қыздыру зауыты 2015 жылдың желтоқсанында іске қо­сылған болатын. Құны 22,975 млрд. теңге болатын өндіріс орны 2015-2019 жылдарға арналған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген. Коксты қыздыруға ар­налған зауытты Қытайдың түсті металлургия инженерлік-құрылыс компаниясы жобалаған. Негізгі тұ­тынушы «Қазақстан электролиз зау­ыты» АҚ және Қытай, Ресей елдеріне экспортқа шығарылмақ. Елбасы Жолдауында эконо­ми­каның жаңа салаларын дамыту­ ұлт­тық экономиканың өр­кен­­деуіне жол ашатыны, жекелей өндірістік салаларды ынталандыру, яғни, оларға ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Жалпы, еліміз бойынша 2014 жылға дейін іске асырылатын 294 инвестициялық жобаның инвестиция көлемі 1 триллион теңгені құрайтын 103 жобасын біздің өңір ұсынған болатын-ды. Бұлар арнайы экономикалық ай­мақтың аумағында іске асырылуы қажет еді. Кеңес өкіметі тұсында облыс орталығында бүкіл Батыс Сібір, Орал және Орталық Азияны химиялық өнімдермен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын болғаны белгілі. Қазір сол ескі химия за­уытынан қалған ескі инфра­құрылымды жаңарту міндеті тұр. Теміржол, автокөлік жолдары жақын орналасқан, жүк тиейтін терминалы бар. Олар «Каустик», «Пав­лодар мұнай-химия зауыты» акционерлік қоғамдарынан және бас­қа да кәсіпорындардан шикізат ретінде химиялық өнімдерді алып, өз алдарына басқа өнім түрлерін шы­ғарумен шұғылданады. Өз инфра­құрылымдарын ортақ мақсатқа бірік­тірген кәсіпкерлер нәтижесінде биз­нестерін дамыту­дың мүмкіндігін ие­ленеді. Химия кластері дамып, аталған салада тың өндірістер пайда болады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Өндірісті өңірдің экс­порттық әлеуеті артады. Екін­шіден, кәсіпорындар арасында бәсекелестік туындап, ол өз кезегінде баға саясатына әсер етеді. Әлеуметтік сала­ны дамытуға мүмкіндік береді. Үшін­шіден, бұрын өндіріс маңайында сирек көрінетін білімді қазақ жас­тарының да шоғыры көбейіп келе жатқаны қуантады. Жобаға қатысушы кәсіпорындарға бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі негізінде қосымша талаптар да жүктелер еді. Бірақ, көкейде – бір үміт, бір күдік. Арнайы экономикалық аймақ жобасы облысымызға мол инвестиция тар­тудың мүм­кіндігі еді. Үкімет те қыр­уар қаражат шашпай, жарамсыз аймақтарды жабу қажеттігін тегін ескертпегенін ұмыт­пайық. Бізде әзірге жобалар жүзеге асырылмақ, ашылмақ деген болжамдық жоспарлар ғана бар. Мысалы, облыстық индус­трия­­­­л­ық-инновациялық даму бас­қармасының хабарына қарағанда, биыл үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарламасы бойынша облыста инвестиция көлемі 21,8 млрд. теңгені құрайды. Алдағы жылы жүзеге асырылатын 7 жобаның қатарында Екі­бастұздағы «Green Нouse kz» ЖШС жылыжай кешені, гол­ландтық «Каприци» сұрыпты қы­занақ өсірумен айналысатын «Пав­лодар Жылыжай кешені» ЖШС және Май ауданындағы антрацит көмірін өндіретін «Директ» ЖШС бар. Сонымен қатар, Лебяжі ауданында «Дәнекер» ШҚ картопты өңдеу, Павлодар ауданында күйдіргіш соданы қайта өңдейтін кішігірім зауыт пен кірпіш зауытын жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру жоспарда бар көрінеді. Жалпы, облыста инвестиция көлемі 1,2 триллион теңгені құрайтын 32 жоба іске асырылуда. Өткен жылы облысқа 443,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1992 жұмыс орны ашылыпты. Негізгі жобалар Павлодар, Екі­бастұз және Ақсу қалаларында жүзеге аспақшы. Тек, осы жұмыстар өз нәтижесін берсе игі... Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы