• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2016

Гагарин атындағы саябақ қайта ашылды

307 рет
көрсетілді

Бұл жұмыс облыс орта­лығының жасыл болашағы үшін қабылданған «2015-2020 жылдарға арналған қаланың саябақтар аумағын дамыту тұжырымдамасы» аясында жасалып, іске асты. Қазіргі кезде облыс орталығында жалпы көлемі 172 гектарды құрайтын парк­тер (5), саябақтар (28), аллея­лар (22) кіретін 55-тен астам көгал­дандырылған аумақ бар. Қала әкімдігінің тұжырымдамасына сәйкес жақын арадағы үш жыл ішінде 37 абаттандырылған аумақ көгалдандырылады. Гагарин атындағы демалыс паркін абаттандыру және қалалықтарға қолайлы орта жасауға ерекше көңіл бөлінді. Расында да саябақ бұрын күл-қоқыстан көз ашпай жатты. Кім көрінген, кезбелер осы бақты паналады. Қараусыз қалған соң ағаштары да отала бастады. Онда ешқашан жаңарту, жаңғырту жұмыстары жүргізілмеді. Қаланың шеті, айнала толы зауыттар, қаптаған өнеркәсіп орындары. 1978 жылдары ашылған бақта жұмысшылар демалсын деген мақсат болса керек. Экологтар енді саябақтағы топырақ қабатын тазарту, бұрынғы ағаштарды сақтап, қайтадан отыр­ғызу, гүл өсі­ретін алаңдарды кө­бейту, дәретханалар жасауды сұрап отыр. Саябақ өнеркәсіптік аймақтың жанында орналасқан. Бұдан қандай демалыс, ты­нығу,таза ауа жұту көре аламыз деген сұрақтар мазалайды. Сондықтан, отырғызылатын ағаштардың тұқымын таңдау кезінде олардың сәндік көркі үшін ғана емес, сонымен қоса ауа­ны оттегімен қанықтыруға және қоршаған ортаны сау­ық­тыруға ықпал ететін фи­тонцидтерді бөліп шығару қа­білетін ескеру керек деп отыр экологтар. Қайтадан пайдалануға берілген саябақты ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің есімімен атау жөнінде ше­неуніктердің өздері ұсыныс жасаған болатын-ды. Саябаққа жақын Гагарин атындағы көше де бар. Тәуелсіздік күні ашылғанына қарағанда, аты да өзгеріп қалуы мүмкін. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан ПАВЛОДАР