The Business Insider газеті сарапшыларға сұрау салып, бал айын өткізетін жас жұбайлар үшін ең тартымды жерлердің тізімін жариялады.
Халықаралық туристік агенттіктер сарапшылары романтикаға толы әрі қызықты жер ретінде Франция астанасы Парижді тізімнің басына қойыпты. Одан кейінгі орынды Бали аралы мен Бутан елі иеленді. Италиядағы Флоренция, Иорданиядағы Петра шаһары, Испаниядағы Сан-Себастьян қаласы, Португалияның Лагос аралы, Ұлыбританияның Виргин аралдары, Дубай қаласы да жас жұбайлар үшін өте тартымды жер саналады.
Франция астанасы туристер үшін ең тартымды қалалардың бірі ретінде жыл сайын осындай тізімдердің алдыңғы легінен көрінетінін айта кету керек.
Айбын АҚПАТША