Үндістандық бизнесмен Джитендра Пател кенже ұлының үйлену тойына 18 мың жесір әйелді қонаққа шақырып, ауқаттандырып, әрқайсысына жамылғы көрпе мен ағаш көшеттерін сыйлады.
Салт бойынша, бұл елде той-мерекелерге жесір әйелдерді шақыру жаман ырым саналады. Алайда, бизнесмен бұл туралы: «Бірақ, ол жай ғана ырым. Жас жұбайларға жетім-жесірлердің айтқан тілектері қабыл болады деп ойлаймын», дейді.
Үндістанның ескі салт-дәстүр сақталған көптеген елді мекендерінде күйеуі қайтыс болған әйелдер «тірі өлік» саналады. Олар қаралы киім саналатын ақ сари киіп жүреді, аяқ киім кимейді, әшекей бұйымдар тақпайды, шаштарын өсірмейді, жиын-тойларға шақырылмайды. Салт бойынша жесір әйелдер өле-өлгенше күйеуін жоқтап өтуге тиіс.
Нұртөре САМАРХАН