• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2016

Баллон газ бәле боп...

335 рет
көрсетілді

«Сақтансаң, сақтаймын» деген бекер айтылмаған ғой... Тараз қаласының тұрғыны Жамбыл ауданы, Шөлдала ауылындағы саяжайына кетіп бара жатып, жол-жөнекей пропан газы толты­рылған екі баллон сатып алыпты. Екеуін де жүксалғышқа артып, біраз жол жүргеннен кейін көлік салонында сұйық газдың иісі шығып жатқанын байқаған. Тоқтай қалып тексеріп көреді. Пәлендей ақау жоқ. Бәрі дұрыс сияқты. Екі баллонның да ауызын жақсылап бекітіп, сапарын әрі қарай жалғастырады. Бірақ көп ұзамай-ақ жүксал­ғыштан өрт лап ете қалады. Жүр­гізуші өртті сөндірудің бар амалын жасайды, бірақ бірте-бірте күшейіп, тілсіз жау бүкіл салонға жайылған. Абырой болғанда, Жамбыл аудандық ІІБ мен төтен­ше жағдайлар жөніндегі қызмет бригадасы жедел жетіп, көліктің қатты жалыннан жарылып кетуіне жол бермеді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы