• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2016

Гватемалада қақтығыс кезінде 13 адам қаза тапты

275 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52018" align="aligncenter" width="560"] Фото: ria.ru[/caption] Гватемалада түрмедегі бүліктің салдарынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес тағы 18 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Белгілі болғандай, жазасын өтеушілер арасында бүлік шыққан. Қазіргі таңда түрменің басым бөлігін басып алып, полиция қызметкерлерінің ішке кіруіне мүмкіндік бермей отыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екіге бөлінген топ өзара бірнәрсеге келіспей қалған болуы мүмкін. Қаза тапқандардың арасында елдің қарулы күштерінің бұрынғы капитаны, жазасын өтеушілердің арасындағы атышулы Биро Лима бар. Ол 1998 жылы діндар Хуан Херардидің өліміне себеп болғанына үшін түрмеге қамалған. Айта кетейік, 2015 жылы дәл осы түрмеде болған қақтығыстан 20 адам зардап шеккен болатын. Сонымен қатар, осы жылдың басында осыған ұқсас оқиға болып, 20 адамды кепілге алған. Аян ӘБДУӘЛИ