• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2016

Mercedes өздігінен жүретін автобусты сынақтан өткізді (видео)

405 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52059" align="aligncenter" width="560"] Фото: enki.ua[/caption] Германияның Mercedes автокомпаниясы жақында жүргізушісіз жүретін CityPilot автобусын сынақтан өткізді. Сынақ барысында көлік белгіленген 20 шақырымды жүріп өтті. Компанияның хабарлауынша, қоғамдық көлік жүргізушінің көмегінсіз туннельдерді, бұрылыстарды, бірнеше жаяу өтпе жолдарын ереже бұзбастан айналып шыққан. CityPilot арнайы Daimler Highway Pilot технологиясы арқылы құрылған. russian.rt.com ақпарына сәйкес, бұл технология осыған дейін жүк көліктеріне де орнатылған екен. Видеокамера орнатылған автобус жүргіншілер жолын, көше қиылыстарын, бағдаршам белгілерін және өзге де жол ережелерін сақтауға қабілетті. Айта кетейік, осыдан бірер апта бұрын Жапонияда осыған ұқсас шағын автобустар шығарылған. Өздігінен қозғалатын, 12 адамға арналған қоғамдық көліктер сынақтан өтті. Ол сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүріп, GPS навигациясы арқылы артқа қарай қозғалады. Аян ӘБДУӘЛИ