Білім беру саласында жасалған зерттеулердің қорытындысы бойынша, оқу ақысы 38 мың доллармен ең қымбат ел – АҚШ, ал 4 мың 500 доллармен ең арзан ел Қазақстан екені анықталды.
Шетелде білім алу туралы зерттеулерімен танымал «Akare» компаниясы 40-қа жуық елде университеттік білім, жатақхана және студенттердің өмір сүруге жұмсайтын шығыны тұрғысынан қымбат елдердің АҚШ, Канада, Швеция, Австралия екенін анықтады. Зерттеу бойынша АҚШ университеттерінде білім алудың жылдық құны кемінде 23 мың доллар, жатақхана мен өмір сүру шығыны 15 мың доллар, ал Канадада бұл көрсеткіштер 20 және 14 мың, Щвецияда 20 және 12 мың, Австралияда 13,5 мың және 4,5 мың долларға тең.
Зерттеудің нәтижесінде, шетелде білім алу жөнінен ең арзан елдің 4,5 мың доллармен Қазақстан екені анықталды. Мемлекеттік университеттерде жылдық оқу ақысы 500 доллардан басталатын Қазақстанда бір студенттің жатақхана және қосымша шығындарына жыл сайын 4 мың доллар жұмсалады. Қазақстанмен қатар Норвегия, Франция және Алманияда оқу ақысы төмен болып шықты.
Қазақстаннан кейін 6 мың доллармен Босния-Герцеговина, 7,5 мың доллармен Грузия және 8 мың доллармен Ресей тұр. Босния-Герцеговина, Грузия және Украинада оқу ақысы 2,5 мың доллардан басталса, жатын орны мен тамақтануға жыл сайын кететін шығын көлемі 5 мың долларға жуықтайды. Канадада жылдық оқу ақысы – 20 мың, Австралияда – 12 мың, Швецияда – 11 мың және Египетте 10 мың долларға жетіп жығылады.
Студенттердің жатақхана мен өзге де шығындары тұрғысынан АҚШ, Ұлыбритания, Дания елдері ең қымбат, ал Қазақстан ең арзан ел болып жарияланды. Салыстыру үшін: Египетте бұл көрсеткіш 5 мың, Үндістанда 16,5 мың, Қытайда 12,5 мың және Малайзияда 10 мың доллардан басталады.
Оқуға жұмсалатын шығындарды есепке алғанда Түркияға қарағанда Еуропада білім алған біршама тиімді екені анықталды. Ағылшын тілді АҚШ, Ұлыбритания, Канада сияқты елдерге қарағанда, Батыстың басқа елдерінде білім алған арзанырақ болып шықты.
Түркияның «Хүррийет» газеті,
2016 жылғы 12 шілде