• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2016

Ақпараттар ағыны

310 рет
көрсетілді

● Қазақстанның халық­ара­лық резерві 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 96,2 млрд. долларды құрады. 2016 жылғы қаңтар-мамыр­да экономикаға екінші дең­гейлі банктердің жаңадан бер­ген несиелерінің көлемі 3,7 трлн. теңгені құрады, бұл – өт­кен жыл­дың сәйкес кезеңімен са­лыс­тырғанда 6,7 пайызға артық. ● Биыл ауыл шаруа­шы­лығының жалпы өнімі 2,7 пайызға өсті. Ал қайта өңдеу саласындағы өсім 2,8 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, мал басының 3,4 пайызға артқаны байқалады. ● Елімізде тәуелсіздік жылдарында полиомиелитпен сырқаттану көрсеткіші 5 есеге дейін төмендеді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ми­нистр­лігінің мәліметі бойынша, 2011 жылдан бері республикада бірде-бір полиомиелит жағдайы тіркелмеген, ал 1991 жылы 5 жағдай тіркелген болатын. ● Сағатына 200 шақы­рым жылдамдықпен жүре алатын «KZ4AT» электровозы Киік-Мойынты жол телімінде сынақтан өткізілді. Жаңа үлгі­­­дегі бір секциялы көп мін­дет­ті атқара алатын локомотив Қазақ­стан теміржолында рекорд­тық жыл­дамдықпен жүріп өтті. Сы­нақ­қа қатысқан локомотив бригадасы жаңа электровоздың мүм­кіндігін жоғары бағалады. ● Оңтүстік Қазақстан об­лысының диқандары бүгін­ге дейін 600 мың тоннаға жуық көкөніс пен бақша өнімдерін жинады. Облыстан негізінен экспортқа картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылады. ● Жамбыл облысында шығарылатын сүт өнімдері рес­п­уб­­ликаның барлық айма­ғын­да сұранысқа ие. Жергі­лікті халықтан таза сүтті қабыл­дап, одан сары май, ірімшіктің бірнеше түрін өндіретін және ал­когольсіз «Дюшес», «Буратино», «Квас» сынды су­сын­­­дар­ды шығаратын бұл меке­­ме­­де 15 жұмысшы қызмет етеді. ● Биыл Солтүстік Қазақ­стан облысында құрылыс көлемі 5,8 пайызға өсті. 38,4 мың шаршы метрді құрайтын 289 пәтер пайдалануға берілді. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында енгізілген тұрғын үй көлемі 121,8 пайызды құрады. ● Ақтөбеде құны 1,3 млрд. теңге болатын Жастар сара­йы­ның құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімдігі мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» 2016 жылға өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Құжатты өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Бас директоры Ван Цзюньжэнь бекітті. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі, «Хабар» телеарнасы материалдары бойынша дайындалды