• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2016

Шахматшы Жансая Әбдімәлік жеңімпаз атанды

455 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52162" align="aligncenter" width="560"] Фото: facebook[/caption] Польша астанасы Варшава қаласында өткен «Мигель Найдорф» халықаралық турнирінде қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік жеңімпаз атанды. Турнирге әлемнің үздік шахматшылары қатысты. Барлығы 130 шахматшы бақ сынасты. Соның ішінде 14 шахматшы қыз ғана болды. «Мигель Найдорф» турнирі жер-жүзіндегі беделді жарыстардың бірі. Осы турнирде Жансая Әбдімәлік қыздар арасында ең жақсы нәтиже көрсетті. Ал Қазақстан құрамасы барлық ұпайларды санағанда алтыншы орынды иеленді. Дастан КЕНЖАЛИН