• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2016

Футбол королі Олимпиадаға ән арнады

307 рет
көрсетілді

Даңқты Пеле Рио-де-Жаней­рода өтетін Олимпиада ойындарына арнап ән жаздырды. Бұл туралы футбол королі өзінің Twitter-дегі парақшасы арқылы хабарлады. «Мен Олимпиадаға арнап «Үміт» деген ән шығардым. Жаңа әнді 15 шілде күні өзде­ріңізбен бөліскенге дейін шыдай алар емеспін», деді Пеле. Пеленің музыкамен әуес­тенетіні бұрыннан белгілі. Ол 1969 жылы бразилиялық танымал әнші Элис Режинаның жаңа альбомын жазуға қатысқан. 2014 жылы Пеле танымал музыкалық ұжымдардың біріне қосылуға ниетті екендігін айтқан-ды. Нұрислам АСҚАР  
Соңғы жаңалықтар