• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2016

Украинада белгілі журналист Павел Шеремет қаза тапты

280 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52197" align="aligncenter" width="560"] Фото: korrespondent.net[/caption] Бүгін Киев қаласында белгілі журналист Павел Шеремет қаза тапты. Ол үйінен шығып, автокөлікке отыра бергенде көлігі жарылған. Автокөліктің иесі – «Украинская правда» интернет-басылымының басшысы Алена Притула оқиға орнында болмаған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан соң, журналист әлі тірі болған. Автокөлік Богдан Хмельницкий мен Иван Франко көшелерінің қиылысында «Макдоналдс» мейрамханасына қарама-қарсы жерде жарылған. Павел Шеремет соңғы жылдары Украинада қызмет еткен. Бұған дейін әр жылдары Ресей мен Беларусьте жұмыс істеген. Ол Ресей, Беларусь пен Украинадағы сыбайлас жемқорлық туралы газетке көп жазатын, телевидение мен радиодан, басқа да ақпарат құралдарынан көп материалдар беретін. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Украина билігі қылмысты адам өміріне қастандық деп атады. Дастан КЕНЖАЛИН