• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2016

Отандық тауарды насихаттады-ау, бірақ...

294 рет
көрсетілді

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде отандық тауарларды қолдауға қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Оған «NADLoC жүйелі қолдау шаралары мен жергілікті үлестің идеологиясын дамыту жөніндегі орталықтың» директоры Әсемгүл Балықбаева мен «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Талғат Асылбаев қатысты. Брифинг отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларына қатысты өтті. «NADLoC қазір отандық тауар өндірушілерге бірқатар қолдау көрсетіп келеді. Біріншіден, ақпараттық қолдау жасайды. Сондай-ақ, қазақстандық үлес туралы интернет портал ашылды. Бұлармен бірге индустрияландыру картасына енген жобаларға сараптама жүргізіп отырамыз», деген орталық директоры қазіргі кезде отан­дық тауарларды сатып алу арқылы өз кәсіпкер­лерімізді қолдау аса қажет екенін жеткізді. Өз елімізде өндірілетін тауарларды ел аумағында сату бойынша да бірқатар жұмыс­тар атқарылып жатқанын тілге тиек етіп, әрбір қазақстандық ел экономикасының өркендеуіне өз үлесін қосуы керектігін айтты. «Әрбіріміздің санамызда қазақстандық өнімді сатып алсақ, еліміздің дамуына, экономикамызға үлес қосып жатырмын деген ой қалыптасуы керек. Еліміздің өсіп-өркендеуі осыған да байланысты. Сондықтан, бар болса міндетті түрде Қазақстанда жасалған өнімді сатып алыңыздар», деген Ә.Балықбаева өзі дәл қазір қандай қазақстандық тауарды тұтынып жүргені жөніндегі сұраққа қинала жауап берді. Дәлірек айтсақ, нақты ештеңе айта алған жоқ. Баспасөз мәслихатының екінші бөлімінде спикерлер журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Тілшілерді негізінен қазақстандық қандай тауарлар экспортта­лып жатқаны толғандырады екен. Өкінішке қарай, журналистерге нақты ақпараттар беруге дайындалып келмеген спикерлер дағдарып қалды. Әйткенмен, Ә.Балықбаева «Қазақстан» шоколады» деп жауап берді. Ал, тауар өндірушілердің қауымдастығында атқарушы директор лауазымын атқарып отырған Т.Асылбаевтың бұл сұрақтардың ешқайсына алып-қосары болмады. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан»