• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2016

Палуандардың Олимпиадаға дайындығы пысықталды

354 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52327" align="aligncenter" width="560"] Фото: confederation.kz[/caption] Астанада Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Атқарушы комитеті бюросының кезекті отырысы өтті. Жиында күрес түрлерінен ұлттық құрама команданың Олимпия ойындарына дайындығы қаралды. Онда бас жаттықтырушылар оқу-жаттығу жиындары мен палуандардың жағдайы туралы айтып берді. Грек-рим күресінен команданың бас жаттықтырушысы Таңат Сағындықов соңғы жаттығу жиындарының Алматы облысында өтіп жатқанын, спортшыларға Олимпиадаға дайындалу үшін барлық жағдайдың жасалғанын атап өтті.  Осы жерде ол ауыр салмақтағы палуан Нұрмахан Тыналиевпен бірге жарысқа  Лондон Олимпиалдасының жүлдегері, литвалық Миндаугас Мизгайтис пен Олимпиада ойындарына қатысқан тағы бір палуан беларус Йосиф Чугошвилидің дайындалып жатқанын айтты. «Нұрмаханның шетел палуандарымен күресіп, күшін ыснап жатқаны өте дұрыс болды. Бұл спортшыларды елімізге Мәдениет және спорт министрлігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы шақырды», деді ол. Сонымен бірге жиында еркін күрестен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Сергей Белоглазов та өз спортшылардың дайындығының жақсы өтіп жатқандығын хабарлады. Ол жеңіл салмақтағы Нұрислам Санаевқа да Ресей Федерациясынан бірнеше спарринг-серіктестің келгендігін атап өтті. Жиында әйелдер құрама командасының жетекшісі Қайрат Сағадиевтің де есебі тыңдалды. Ол әйелдер құрамасының Олимпиадаға толығымен дайын екендігін жеткізді. Осыдан кейін Олимпия ойындарына қатысатын ұлттық құраманы бекіту мәселесі талқыланды. Соңынан ұлттық құраманың нақты тізімін бекітілді. Бюро отырысында жаттықтырушылар кеңесі, командалық тәртіп және анти-допинг мәселесі туралы да әңгіме қозғалды. Онда анти-допинг ережелерін бұзған спортшыларға ең қатаң жаза қолданылатыны ескертілді. Дастан КЕНЖАЛИН