• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2016

+41

254 рет
көрсетілді

Маңғыстауда күн күйіп тұр. Онсыз да қаңсып тұрған даланың апшысын одан сайын қуырған шілде қаһарына мініп тұр. Жөні де бар, өйткені халық ұғымындағы «қырық күн шілде» басталғалы да он күн. Мамандар тұрғындарға өлкеде қатты ыстық болуы мүмкіндігін, сол себепті сақ болу қажеттігін алдын ала ескертті. Синоптиктердің айтуынша, қазір Маңғыстаудың бірқатар өңірлерінде, әсіресе, Бейнеу, Қарақия және Маңғыстау аудан­дарында температура +41 градусқа жеткен. Жұртшылық күн ұясына батқан кеш пен түн­ді асыға күтіп, кең тыныс­тап алу­ға асығатын болса, қазір Маң­ғыстауда түннің өзі аптап болып тұр. Мамандар түнгі мезгілдің +25-28 градусты көрсетіп тұр­ған­дығын айтуда. Бұл жағдай өңір­де жоғары қан қысымымен ауыратындар үшін және жүрегінде ақауы бар жан­дар үшін оңай болмай тұр. Бір күн­де ауруханаларға бірнеше адам түсіп, дәрігерлер қарбаласқа түсуде. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соққан жел құрғақ ауаны үрлеп, аңызаққа ұласуда. Мамандар бұл жағдайдың, яғни +40 градустан асқан ыстықтың шілде айының соңына дейін жалғасуы мүмкін екендігін айтуда. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы